Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Түркістан облысының білім
басқармасының «Қазығұрт ауданының

«Мамандандырылған Дарын» мектеп-интернат» КММ

МЕНЮ

 asd

Қазіргі таңда білім беруді жаңғырту заманның талабы болып отыр. Осыған орай, жаңа технологиялармен оқыту қолға алынуда. Оны мамандарды қайта оқыту,

интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсілдер арқылы біліктіліктерін арттыру сияқты атқарылып жатқан жұмыстардан көруге болады. Осы бағытта өз ұжымының біліктілігінен бөлек облыстық, республикалық деңгейде ұстаздар біліктілігін арттыруға ат салысып жүрген ұжымның атқарған жұмыстарын көріп көңіл марқаяды. Бұл Қазығұрт ауданы мамандандырылған «Дарын» мектеп- интернаты. Ұжымымыз атаулы мектеп-интернаттың білікті мамандары жайында біліп қайтты. Ол жөнінде сұхбат барысында таныса аласыздар.

Құрметпен, Түркістан облысы,Қазығұрт ауданы
мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының директоры
ҚҰРБАНБАЕВА КЛАРА ТІЛЕУҚЫЗЫ

«Дарын» мектеп-интернаты Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту» туралы өкіміне және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 26 желтоқсандағы №251 қаулысына сай бүлдіршіндер қуанышына беріліп, жаңадан ашылды. Өздеріңіз көріп тұрғандай, мектеп- интернатына арнайы 2 ғимарат бой көтерген. Бұдан бөлек, 70 орындық асхана, 90 орындық жатақханасы бар. Арнайы муль- тимедиа, физика, химия, биология, компьютер, қашықтықтан оқыту кабинеттері, қажетті құрал-жабдықтар мен техникалық қондырғылар қолданысқа берілді. Компьютер кабинетінде спутникті байланыс телеарнасы арқылы арнайы бағдарлама бойынша қашықтықтан оқыту жүйесі жұмыс істейді. Ұжымда барлығы 42 мұғалім және 11 тәрбиеші қызмет атқарады. Оның 30-ы жоғары санатты, 10-ы I санатты, 2-і II санатты. Мектебімізде Ж.Сейдалы, Г.Абишева, Б.Амантаева, Е.Нұрақов, Б.Аманқұлов, Ж.Ержанов, Р.Бижанова, М.Бекпулатова, Г.Жүнісова, Г.Жамалбекова, Г.Оразымбетова, Ж.Дауылбаева, А.Жуманова, М.Темірбекова, Н.Тұрдалиева  сияқты тәжірибелері мол, білім саласында біршама жыл еңбек етіп жүрген ұстаздар қызмет етуде. Өткен оқу жылында біздің мектеп-интернатымыздың тарихына аса маңызды жетістікке қол жеткіздік десем, артық айтқандық емес. Олай дейтінім, ҚР Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 желтоқсанында бекітілген Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының «Қазығұрт ауданы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» 2016 жылдың «Үздік мектебі» номинациясының иегері атанды. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев өз қолымен диплом және статуэтканы табыстады. Ұжыммен бірлесе барлығымыз білім саласына қосып жатқан үлесіміздің сәл де болса да өз нәтижесін көрсеткеніне дән риза болып, шынайы түрде бір- бірімізді құттықтадық.

© 2025 Түркістан облысының білім басқармасының «Қазығұрт ауданының

«Мамандандырылған Дарын» мектеп-интернат» КММ