Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Түркістан облысының білім
басқармасының «Қазығұрт ауданының

«Мамандандырылған Дарын» мектеп-интернат» КММ

МЕНЮ
  1. 1964 жылы 6 желтоқсан  күні  қазіргі  Түркістан  облысы , Қазығұрт ауданы , Қызылқия  ауылында  Балтаевтар  отбасында  дүниеге келген.
  2. 1971  жылы  «Комсомол» орта қазіргі Сакен Сейфуллин жалпы  орта  мектебінің 1 сыныбына  барып 1981 жылы 10 сыныбын  бітіреді .
  3. 1982 жылы Қарағанды  қаласындағы Политехникалық  институтына  оқуға  түсіп , 1986 жылы ШПИ –ң  инжинер – педагогикалық  факултетінің  жалпы  техникалық  пәндер  мамандығы  бойынша  бітірді .
  4. Алғашқы  еңбек  қадамын өзі  оқыған  С.Сейфулин ЖОМ  физика және  өзіне – өзі   қызмет  ету пәнінің  мұғалімі қызметінен  бастады .

Аталған  мектептің жәй  мұғалімінен  бастап пихолог , оқу ісінің  орынбасары  қызметіне  дейін  көтеріліп қызмет атқарды .

  1. 2007 – 2009 оқу  жылдары  «Айнатас» ЖОМ оқу ісінің  орынбасары  қызметін  атқарды .
  2. 2009 жылдың 7 желтоқсанынан  бастап Қазығұрт  ауданындағы  мамандандырылған «Дарын» мектеп – интернатының  директоры  қызметінен басталып   дәл қазіргі  күнге  дейін  атқарып  келеді .
  3. 1985 жылы сыныптасы Құрбанбаев Тағайбекпен  бақытты  отбасын  құрды .

Тағайбектің  кіші пейілді , адамгершілігінің  арқасында  өмірге  келген ұл – қыздарын тәрбиеледі .Қазіргі  кезде 6 –да  алтын шаңырақ иелері барлық  ұл – қыздары  жоғары  білімді , бір –бір  маман  иесі .

  1. Үлкен  ұлы  Мухамеджан , келіні Құндызай отбасында  3 ұл , 2 қыз тәрбиелеп  жатыр . Мухаммеджан  жол полициясы қызметкері , Құндызай медбике .
  2. Екінші ұлы Құдірет , келіні Гулнур  отбасында 3 қыз 1 ұл тәрбиелеуде . Құдірет  Қазығұрт аудандық  тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар  көлігі  және  автомобиль  жолдары бөлімінің  бас  маманы ,   Гулнур  балабақша тәрбиешісі .
  3. Қызы Маржан , күйеу бала Жомарт  отбасында  4 қыз  1 ұл тәрбиелеп  отыр . Маржан  мұғалім , Жомарт  өз  кәсібі  бойынша қызмет  атқарады.
  4. Қызы Әйгерім , күйеу  бала Бекболат отбасында 2 қыз 3 ұл тәрбиелеуде. Әйгерім балабақшада  хореограф , Бекболат  жол полиция  қызметкері .
  5. Ұлы Тұрархан , келіні  Айдана отбасында  2 ұл 1 қыз тәрбиелеуде . Тұрархан  тәрбиеші , Айдана математика  пәні  мұғалімі .
  6. Қызы  Шолпан , күйеу  бала Айдос отбасында  4 ұл тәрбиелеуде . Шолпан  мұғалім , Айдос банк  қызметкері .

Үш ұл , үш қыздан Алланың  берген 27 немеренің ақ  жаулықты , ардақты  әжесі !

Қазіргі  таңда өз  кәсібінің  шебері , үздіксіз  еңбектің  арқасында мемлекеттік  марапаттар  мен құрметті  атақтарға  ие болды .

 1.Елбасы  Н.Назарбаевтың «Алғыс хаты»  2012 жыл

      2.Білім және  ғылым  министрлігінің «Алғыс хаты» 2017 жыл

 3. ОҚО  әкімі Ж.Түймебаевтің «Алғыс хаты» 2016 жыл

 4. «Дарын» РҒПО директорының «Алғыс хаты» 2017, 2020, 2021, 2022, 2023, 2024 жылдары

және 20 жылдық , 25 жылдық төсбелгісімен марапатталды .

5.Жас ұрпақты  оқыту және тәрбиелеу  ісіндегі елеулі  табыстары  үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен 1 қазан 2015 жылы марапатталды .

6. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл» Қазығұрт ауданына  90 жыл мерекелік медалімен  марапатталды .

Қазіргі таңда Қазығұрт ауданы мамандандырылған «Дарын» мектеп – интернатында  ұжымдастармен  бірге қызмет атқарып келеді . Қызықты да қиын  кездерді бірге яғни қызықшылығын  бірге  тойлап , қиындығын  жақсы  жағымен  шешіп  ұжымның  ынтымақ , бірлік , берекесін келтіріп  отырған  мектеп  басшысы  Клара Тілеуқызына  алғыс  айтуға  болады .

 asd

Қазіргі таңда білім беруді жаңғырту заманның талабы болып отыр. Осыған орай, жаңа технологиялармен оқыту қолға алынуда. Оны мамандарды қайта оқыту,

интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсілдер арқылы біліктіліктерін арттыру сияқты атқарылып жатқан жұмыстардан көруге болады. Осы бағытта өз ұжымының біліктілігінен бөлек облыстық, республикалық деңгейде ұстаздар біліктілігін арттыруға ат салысып жүрген ұжымның атқарған жұмыстарын көріп көңіл марқаяды. Бұл Қазығұрт ауданы мамандандырылған «Дарын» мектеп- интернаты. Ұжымымыз атаулы мектеп-интернаттың білікті мамандары жайында біліп қайтты. Ол жөнінде сұхбат барысында таныса аласыздар.

Құрметпен, Түркістан облысы,Қазығұрт ауданы
мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының директоры
ҚҰРБАНБАЕВА КЛАРА ТІЛЕУҚЫЗЫ

«Дарын» мектеп-интернаты Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту» туралы өкіміне және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 26 желтоқсандағы №251 қаулысына сай бүлдіршіндер қуанышына беріліп, жаңадан ашылды. Өздеріңіз көріп тұрғандай, мектеп- интернатына арнайы 2 ғимарат бой көтерген. Бұдан бөлек, 70 орындық асхана, 90 орындық жатақханасы бар. Арнайы муль- тимедиа, физика, химия, биология, компьютер, қашықтықтан оқыту кабинеттері, қажетті құрал-жабдықтар мен техникалық қондырғылар қолданысқа берілді. Компьютер кабинетінде спутникті байланыс телеарнасы арқылы арнайы бағдарлама бойынша қашықтықтан оқыту жүйесі жұмыс істейді. Ұжымда барлығы 42 мұғалім және 11 тәрбиеші қызмет атқарады. Оның 30-ы жоғары санатты, 10-ы I санатты, 2-і II санатты. Мектебімізде Ж.Сейдалы, Г.Абишева, Б.Амантаева, Е.Нұрақов, Б.Аманқұлов, Ж.Ержанов, Р.Бижанова, М.Бекпулатова, Г.Жүнісова, Г.Жамалбекова, Г.Оразымбетова, Ж.Дауылбаева, А.Жуманова, М.Темірбекова, Н.Тұрдалиева  сияқты тәжірибелері мол, білім саласында біршама жыл еңбек етіп жүрген ұстаздар қызмет етуде. Өткен оқу жылында біздің мектеп-интернатымыздың тарихына аса маңызды жетістікке қол жеткіздік десем, артық айтқандық емес. Олай дейтінім, ҚР Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 желтоқсанында бекітілген Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының «Қазығұрт ауданы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» 2016 жылдың «Үздік мектебі» номинациясының иегері атанды. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев өз қолымен диплом және статуэтканы табыстады. Ұжыммен бірлесе барлығымыз білім саласына қосып жатқан үлесіміздің сәл де болса да өз нәтижесін көрсеткеніне дән риза болып, шынайы түрде бір- бірімізді құттықтадық.

© 2025 Түркістан облысының білім басқармасының «Қазығұрт ауданының

«Мамандандырылған Дарын» мектеп-интернат» КММ