- 1964 жылы 6 желтоқсан күні қазіргі Түркістан облысы , Қазығұрт ауданы , Қызылқия ауылында Балтаевтар отбасында дүниеге келген.
- 1971 жылы «Комсомол» орта қазіргі Сакен Сейфуллин жалпы орта мектебінің 1 сыныбына барып 1981 жылы 10 сыныбын бітіреді .
- 1982 жылы Қарағанды қаласындағы Политехникалық институтына оқуға түсіп , 1986 жылы ШПИ –ң инжинер – педагогикалық факултетінің жалпы техникалық пәндер мамандығы бойынша бітірді .
- Алғашқы еңбек қадамын өзі оқыған С.Сейфулин ЖОМ физика және өзіне – өзі қызмет ету пәнінің мұғалімі қызметінен бастады .
Аталған мектептің жәй мұғалімінен бастап пихолог , оқу ісінің орынбасары қызметіне дейін көтеріліп қызмет атқарды .
- 2007 – 2009 оқу жылдары «Айнатас» ЖОМ оқу ісінің орынбасары қызметін атқарды .
- 2009 жылдың 7 желтоқсанынан бастап Қазығұрт ауданындағы мамандандырылған «Дарын» мектеп – интернатының директоры қызметінен басталып дәл қазіргі күнге дейін атқарып келеді .
- 1985 жылы сыныптасы Құрбанбаев Тағайбекпен бақытты отбасын құрды .
Тағайбектің кіші пейілді , адамгершілігінің арқасында өмірге келген ұл – қыздарын тәрбиеледі .Қазіргі кезде 6 –да алтын шаңырақ иелері барлық ұл – қыздары жоғары білімді , бір –бір маман иесі .
- Үлкен ұлы Мухамеджан , келіні Құндызай отбасында 3 ұл , 2 қыз тәрбиелеп жатыр . Мухаммеджан жол полициясы қызметкері , Құндызай медбике .
- Екінші ұлы Құдірет , келіні Гулнур отбасында 3 қыз 1 ұл тәрбиелеуде . Құдірет Қазығұрт аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы , Гулнур балабақша тәрбиешісі .
- Қызы Маржан , күйеу бала Жомарт отбасында 4 қыз 1 ұл тәрбиелеп отыр . Маржан мұғалім , Жомарт өз кәсібі бойынша қызмет атқарады.
- Қызы Әйгерім , күйеу бала Бекболат отбасында 2 қыз 3 ұл тәрбиелеуде. Әйгерім балабақшада хореограф , Бекболат жол полиция қызметкері .
- Ұлы Тұрархан , келіні Айдана отбасында 2 ұл 1 қыз тәрбиелеуде . Тұрархан тәрбиеші , Айдана математика пәні мұғалімі .
- Қызы Шолпан , күйеу бала Айдос отбасында 4 ұл тәрбиелеуде . Шолпан мұғалім , Айдос банк қызметкері .
Үш ұл , үш қыздан Алланың берген 27 немеренің ақ жаулықты , ардақты әжесі !
Қазіргі таңда өз кәсібінің шебері , үздіксіз еңбектің арқасында мемлекеттік марапаттар мен құрметті атақтарға ие болды .
1.Елбасы Н.Назарбаевтың «Алғыс хаты» 2012 жыл
2.Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хаты» 2017 жыл
3. ОҚО әкімі Ж.Түймебаевтің «Алғыс хаты» 2016 жыл
4. «Дарын» РҒПО директорының «Алғыс хаты» 2017, 2020, 2021, 2022, 2023, 2024 жылдары
және 20 жылдық , 25 жылдық төсбелгісімен марапатталды .
5.Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен 1 қазан 2015 жылы марапатталды .
6. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл» Қазығұрт ауданына 90 жыл мерекелік медалімен марапатталды .
Қазіргі таңда Қазығұрт ауданы мамандандырылған «Дарын» мектеп – интернатында ұжымдастармен бірге қызмет атқарып келеді . Қызықты да қиын кездерді бірге яғни қызықшылығын бірге тойлап , қиындығын жақсы жағымен шешіп ұжымның ынтымақ , бірлік , берекесін келтіріп отырған мектеп басшысы Клара Тілеуқызына алғыс айтуға болады .